Қобыз Өзбекстан атынан ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

452
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bISmGUvCGuvfuZB7IRZd1tjoOBYava22FAcZU3UN.jpg

Қобыз жасау өнері мен осы музыкалық аспапта ойнау дәстүрі шұғыл қорғауды қажет ететін халықаралық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитетінің Нью-Делиде өтіп жатқан 20-сессиясында айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Осылайша сарапшылар Өзбекстанның ұсынымын қанағаттандырды. Үндістанда өткен талқылауға ұсынылған құжатты дайындау барысында елдің мәдениет министрлігінің ауқымды жұмыс жүргізгені айтылды. Ведомство ЮНЕСКО-мен бірлесіп көне музыкалық аспап — қобыз бен жыраулық өнерге қатысты көп дерек жинап, арнайы зерттеу жүргізген.

Тіпті қоғамның бұл дәстүрдің маңызы мен оны қорғаудың өзектілігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында деректі фильм де түсірілген.

Қобыз бен жыраулық дәстүр Өзбекстан құрамындағы егемен республика – Қарақалпақстанда өте танымал. Бір кездері қобыз сүйемелдеуімен жыр айту дәстүрі кең таралған еді, алайда бүгінгі жағдай мәз емес. Сондықтан қобыз жасау өнері мен қобызда ойнау дәстүрін ЮНЕСКО тізіміне енгізу қажеттілігі туындаған.

Еске салайық, бұған дейін киіз үй жасау дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген еді.

Пікірлер