Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады. Бұл туралы бүгін, 15 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, президент «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатыспақ.
Еске салайық, 11 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстанға барып, Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысқан еді.
Ұқсас жаңалықтар