Бельгия королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

94
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mFRB8R5PrBzJGGhuf5x8RxiD2N5AJwX6U9sU2yEJ.jpg

Бельгия королі Филипп Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бельгия монархы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жауап хатында Қазақстанның Ұлттық күніне орай құттықтағаны үшін алғыс білдірген. Король Филипп биыл Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін растап, сапарды асыға күтіп отырғанын атап өткен. Сапар Қазақстан Президентінің шақыруымен өтеді.

Бұған дейін, шілде айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдаған.

Пікірлер