Қырғызстан 2035 жылға дейін сыртқы қарызын толық өтейтінін жариялады

261
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2PVKEuDGFH2K2t5zHCzSnnpFtUIAfX9h4KGlti9p.webp

Қырғызстан 2035 жылға дейін сыртқы қарызын өтейді. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте өткен IV Халық құрылтайында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Сыртқы қарыздарды өтеуге келесі сомалар жұмсалады:

  • 2025 — 857 миллион доллар;
  • 2026 — 1 миллиард 48 миллион доллар;
  • 2027 — 1 миллиард 277 миллион доллар;
  • 2028 — 1 миллиард 326 миллион доллар;
  • 2029 — 1 миллиард 326 миллион доллар;
  • 2030 — 1 миллиард 201 миллион доллар.

“2030 жылдан бастап төлемдер көлемі азая бастайды. 2035 жылға қарай біз соңғы 30 жылда жинақталған мемлекеттік қарызды толығымен өтейміз”, — деп мәлімдеді Жапаров.

Еске салсақ,  25-26 желтоқсанда Бішкекте 4-ші Халық Құрылтайы өтті, оған мемлекет басшысы, үкімет мүшелері, парламент мүшелері, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері және елдің барлық аймағынан келген 690 делегат қатысты.

Садыр Жапаров өз сөзінде Қырғызстанның негізгі әлеуметтік маңызы бар мәселелері мен даму басымдықтарын атап өтті. Ол мұғалімдік және медициналық мамандықтардың беделін арттыруға, азаматтарды әлеуметтік қорғауға, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруға және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға назар аударды. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Ыстықкөлдің су деңгейі мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, ол аймақтық дамудың, кәсіпкерлікті қолдаудың, тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудың және инвестиция тартудың басымдықтарын атап өтті. Ол сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді, ЖІӨ-нің өсуін және елдің қаржылық базасын нығайтуды атап өтті.

 

Пікірлер