Нұрай ісі. Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

175
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6xstlJciuVX0WZfCSJQJbDmYC0CUdGpi9itEMVl0.webp

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты күдікке ілінген ер адамға тағылған айыптардың бірі қатаңдатылды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Іс 2-бөлімнің 5-тармағына, яғни «Ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіруге» қайта жіктелді», – деді ол.

Аталған баптың санкциясы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырунемесе мүлкін тәркілеу не онсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Осылайша, қазір қылмыстық іс бірден үш бап бойынша қаралып жатыр:

ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»;

ҚК 125-1-бабы – «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;

ҚК 115-1-бабы – «Қудалау (сталкинг)».

Айта кетейік, бұған дейін Нұрай ісі бойынша видео таратқаны үшін полиция қызметкеріне іс қозғалған еді.

 

 

 

 

Пікірлер