Қырғызстанда астана қауіпсіздігі қызметінің басшысы ұсталды

57
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3yHuGDXXfXcpV16GhfYnuLSCvUIGICwlzGQGZeYu.webp

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) Бішкек қаласы бойынша бұрынғы басшысы Эльдар Жақыпбеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы 24.kg басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді Әскери прокуратура жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің айтуынша, Жақыпбеков бір тәулік ішінде ұсталған. Алайда іс қай бап бойынша тіркелгені және оның процестік мәртебесі жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желілерде Жақыпбеков ұсталғаннан кейін түсірілгені айтылған фото да тарады.

14 ақпанда елордалық ҰҚМК басқармасында кадрлық өзгеріс болып, жаңа басшы болып Ұлан Бибосынов тағайындалғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Жақыпбековтің ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет 10 ақпанда тараған. Ол кезде құзырлы орган бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарған еді.

Сондай-ақ 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатқан болатын.

Пікірлер