Жаңаөзенде 44 жастағы әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

49
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

Жаңаөзенде 44 жастағы әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға 29 қаңтар күні болған. 44 жастағы әйел тұрғын үйдің ішінен пышақ жарақатымен табылған. Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдай отбасылық жанжал кезінде болған.

Әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Артында жеті баласы қалды, оның бесеуі — кәмелетке толмаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында марқұмның жұбайы ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ресми түрде бұл оқиғаның ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан болғаны расталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді.

Пікірлер