Антикордың бұрынғы басшысы ұсталды

1463
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QhR1RDsbhNvFP30XQLwhVWclPyFHpq7b9ngCWmw5.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«2025 жылдың 3 шілдесіде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талға Татубаев ұсталды», – делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Пікірлер