Қазақстандық шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысы бойынша тергеу жалғасуда

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pnJevS7RyYBEhBtDx08U0oBBEGYrOiD2i82lZamV.png

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов қазақстандық шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен байланысы жөніндегі тергеудің қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзіне қарағанда, тексеру депутаттық сауал аясында жүргізіліп жатыр және деректердің көлемі өте ауқымды.

«Үш миллионға жуық хабарлама бар және олар толық форматта емес. Қазір деректерді толық зерттеп жатырмыз. Бұл тұрғыда Қазақстан азаматтарына қатысты және жалпы Қазақстан туралы айтылған тұстар қаралады», – деді прокурор орынбасары Өтегенов.

Сондай-ақ, осы іс бойынша бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банктің экс-басшысы Қайрат Келімбетовтің қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. Тексерудің аяқталу мерзімі әзірге белгісіз.

Бас прокурордың орынбасары деректердің көптігіне байланысты жан-жақты талдау жүргізу қажеттігін айтты.

Пікірлер