Қамалған дінбасы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды

69
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ikywTWD24bEfn9up3bw0m0HYgxGuJ9eyyxdLOj4Q.jpg

Есірткі қолданды және есірткі ұясын ұйымдастырды деген айыппен қамауға алынған қызметкер айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған діни қызметкер Иаков Воронцовтың қолжазба хатын оның адвокаты Диас Ахметов жариялаған. 

Қорғаушының айтуынша, хат Алматыдағы әкімшілік қамауға алынғандарды ұстау изоляторында кездесуден кейін, қызметкердің өтінішімен таратылған.

Хат мәтінінде Воронцов қылмыстық қудалауды өзінің Қазақстанда тәуелсіз православ шіркеуін құру әрекетімен байланыстырады. 

Оның сөзінше, соңғы уақытта өзіне қатысты бақылау жүргізілген, қысым көрсетілген және ашық түрде жазалау туралы үндеулер болған.

«Менің үйімде ешқандай притон болған емес. Үйімнен табылған ұнтақ маған тиесілі емес. Оны әдейі әкелген деп есептеймін. Сот сараптаманың қате қорытындысына сүйеніп шешім шығарды», – делінген хатта.

Воронцов сот шешімімен келіспейтінін және алда өзіне қатысты «жалған ұйымдастырылған қылмыстық тергеу» болуы мүмкін екенін жазған.

Айта кетсек, дін қызметкері 2022 жылдың ақпан айында Ресейдің Украинадағы соғысқа қарсы ұстанымын ашық білдіріп, Украинадағы бейбітшілікке шақырған ашық хатқа қол қойған шамамен 292 православие дін қызметкерінің қатарына қосылғаннан кейін танымал болды.

2023 жылы ол қызметінен шеттетілді, ал 2024 жылы дін қызметкері мәртебесінен айырылған еді.

Сондай-ақ 2024 жылы Воронцовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалған, алайда кейіннен қылмыс құрамы болмағандықтан тергеу тоқтатылды.

Бұған дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бұрынғы діни қызметкер Иаков Воронцовтың қалалық әділет департаменті мен Қазақстанның Әділет министрлігіне қарсы берген талап-арызын өндіріске қабылдағанын хабарладық.

Бірнеше жыл бұрын Воронцов Қазақстанда Орыс православ шіркеуінің Мәскеу патриархатына бағынбайтын дербес православ шіркеуін құруға әрекеттенген. Ол Әділет министрлігіне екі рет құжат тапсырғанымен, ол құрмақ болған приход тіркеуден өтпеді..

Пікірлер