Ерболат Құдайбергеннің 15 тәулікке медициналық мекемеге жатқызылғаны айтылды

266
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ixSZsWzKLIk8Lniqg8N6laMJCVxHcSaBH3NthnAL.png

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергенді полиция қызметкері ұстап, наркологиялық орталық алдында тұрған видео тараған еді. Полиция бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаменті ер адамға қатысты шағым көршілерінен түскенін мәлімдеді.

«Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан олардың көршісі агрессивті мінез көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны туралы арыз түсті. Учаскелік инспектор дереу оқиға орнына барды. Ақпарат расталды. Ер адам өзін ерсі ұстап, агрессия танытып, айналасындағылардың тыныштығын бұзған»,-делінген хабарламада.

Кейін ер адам медициналық тексеруге жіберілген. Сараптама оның психоактивті заттардың әсерінде болғанын анықтаған.

«Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол 15 тәулікке мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды», – деп мәлімдеді полиция.

Пікірлер