Ораза уақытында ет бағасын өсіргендер қамауға алынды

94
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Q10qH56s397GPl4fr6hCdop5xrQKa21Yf94tkbdY.jpg

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында Рамазан айы кезінде ет бағасын негізсіз көтерген төрт кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ораза уақытында азық-түлік бағасының жасанды өсуіне жол бермеу мақсатында қала аумағында арнайы тексеру шаралары ұйымдастырылған, деп хабарлайды “Адырна”.

Тексеру барысында Шохмансур ауданында екі заңбұзушылық дерегі анықталды. Бұған дейін ресми түрде бағаны тұрақты ұстау жөнінде ескерту алған кәсіпкерлер соған қарамастан, ет өнімдерінің құнын қымбаттатып сатқан. Аудандық сот шешімімен олар бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Осындай тағы екі жағдай Сино ауданында тіркелді. Азық-түлік дүкендерінің бірінде еттің негізсіз жоғары бағамен сатылғаны белгілі болды. Кәсіпкерлер тұтынушылар сұранысын пайдаланып, бағаны әдейі өсірген. Аталған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, Сино аудандық сотының қаулысымен әрқайсысына төрт тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Пікірлер