АҚШ Сириядағы әскерін шығара бастады

109
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/urtixdQWqt4hcfL4Zzt9s102IxGhOTItRVc3HSgf.png

АҚШ Сирия аумағындағы әскери күштерін кезең-кезеңімен шығаруға кірісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеп.

Бұл процесс елдің солтүстік-шығысындағы Хасака провинциясында орналасқан Касрак базасынан басталған.

Жергілікті ақпарат көздерінің дерегінше, база аумағынан әскери техника тиелген бірнеше ондаған жүк көлігі шығарылып, олар колонна түрінде Ирак шекарасына қарай бағыт алған. Әскерилердің бір бөлігі Ирактың Күрдістан аймағына орналастырылуы мүмкін.

Халықаралық БАҚ мәліметіне сәйкес, әскери күштерді шығару бірнеше аптаға созылады. Соңғы айда АҚШ Сириядағы басқа да бірқатар нысандардан, соның ішінде Шеддади мен Ат-Танф аймақтарынан әскерін әкеткен.

Қазіргі уақытта америкалық әскери контингент елдің кейбір базаларында әлі де сақталған. Алайда Вашингтон Сириядағы жалпы әскери қатысуын қысқартуды жалғастырып, жақын уақытта оны толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Алдын ала деректер бойынша, Сирияда қалған шамамен мыңға жуық америкалық сарбаз екі ай ішінде толық шығарылуы мүмкін.

Пікірлер