"Ешқандай саясат жоқ". Назарбаевтың жиені тауда кездесу өткізді

122
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oNXvuvARgGUindLCzZKhLD0nm6Sf18LshbYVJNYn.jpg

Нұрәлі Әлиев Алматы тауларында руханият жайлы кездесу өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы маңындағы тауда таңғы уақытта ұйымдастырылған бейресми кездесуде Нұрәлі Әлиев руханият, махаббат және адамның ішкі жай-күйі туралы пікір білдірген.

Кездесуге қатысушылар күннің шығуын тамашалап, Горельник аумағында шомылып, кейін ашық форматта әңгіме жүргізген. Әлиев өз сөзінде жиынның саяси астары жоқ екенін атап өтті:

«Мұнда ешқандай саясат жоқ. Бұл – таза руханият туралы әңгіме».

Белсенді сөзінде махаббатты «Құдайдың вибрациясы» деп сипаттап, адамның өзін жан ретінде тануы шартсыз сүйіспеншілік пен Жаратқанмен бірлікке бастайды деген ойымен бөлісті. Сонымен қатар, жобаның философиясы қазақ рухани ойымен үндес екенін айтып, оны Абай Құнанбайұлы еңбектеріндегі көзқарастармен салыстырды.

Әлиев білім беру жүйесіне де сын айтып, мектептер мен жоғары оқу орындарында адамның табиғатын, ішкі әлемін түсінуге жеткілікті көңіл бөлінбейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.

Пікірлер