Шымкентте кәмелетке толмаған қызға тиісті деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
БАҚ дерегінше, оқиға 25 ақпанда мектеп аумағында болғаны айтылады.
Жәбірленген баланың анасы оқиға туралы баяндап, арыз жазған.
Оның сөзінше, қызы сабақтан кейін үйге келгенде күдікті туралы айтқан.
"Менің 7 жасар қызыма ағайы тиіскен. Сағат 12:40 шамасында сабақтан келді. Өңі біртүрлі, көзіне жас толып тұр. Қызым, не болды деп сұрап едім, "ұят қой, мама" деп айтқысы келмей тұр. Содан жағдайды дұрыстап сұрай бастадым", - делінген анасының жазбасында.
Күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізуде.
Ұқсас жаңалықтар