Қазақстанда "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс басталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mmUea0PgOMPYREacRx56uFM5sYZjbR2yZpvTlhAZ.jpg

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Эпштейн файлдарына» байланысты тексеріс жұмыстарын бастағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов пікір білдірді.

25 ақпанда Мәжіліс отырысында депутат Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен ҰҚК төрағасының атына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы болуы мүмкін деген ақпаратты тексеруді сұраған.

Берік Асыловтың сөзінше, қазір жарияланған материалдар жан-жақты зерделеніп, тиісті тексеріс жұмыстары басталып кеткен.

«Бұл – маңызды мәселе. Депутаттық сауал жаңа ғана жолданды, алайда аталған тақырып бүкіл әлемде қызу талқыланып жатыр. Сондықтан құқық қорғау органдары бұл фактілердің рас-өтірігін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде», – деді бас прокурор.

Сондай-ақ, ол Джеффри Эпштейннің Қазақстан аумағына келген-келмегені де тексеріліп жатқанын атап өтті.

 

Пікірлер