«Мишабай, жеңісің құтты болсын!» Димаш чемпионға атаған көлігін сыйлады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mpOB6WU5rSII1q6NQXYgih1mQ7svkl5J3R4Eeo6n.jpg

Әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, су жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында спортшыға көлік сыйлайтынын мәлімдеген. Темір тұлпардың нарықтағы құны шамамен 35 миллион теңгеге бағаланады.

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан үшін тарихи алтын медаль жеңіп алған спортшыға арналған қара түсті көлік ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген. Автокөліктің алдыңғы және бүйір тұстарында «Мишабай, жеңісің құтты болсын!», «Қазақстан мақтанышы» деген жазулар жазылған.

Осыған дейін Димаш Құдайберген спортшыны жеңісімен құттықтап, арнайы видеоүндеу жолдаған еді.

"Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң – халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың алдындағы міндетіңді жоғары деңгейде өтедің", – деген болатын әнші.

Пікірлер