Дубайда зымыран салдарынан күшті жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға туралы «Известия» Telegram-арнасында хабарлады.
Әлеуметтік желілерде куәгерлер әртүрлі нүктеден түсірген кадрлар тарауда. Видеоларда көкке көтерілген қою түтін көрінеді.
SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, Five Palm Jumeirah қонақүйінің ғимаратына соққы тиген. Қонақүй Пальма Джумейра аралында орналасқан. Арна хабарлауынша, бірнеше сағат бұрын ғана онда демалып жатқан ресейлік туристер әлеуметтік желіде тыныш ахуал мен күнге қыздырынып жатқан демалушылардың видеоларын бөліскен.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін ирандық зымыран қаланың басты нышандарының бірі — әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі Ain Dubai үстінде қағып түсірілгені хабарланған. Биіктігі 250 метр болатын аттракцион Bluewaters Island жасанды аралында, беделді Dubai Marina ауданының маңында орналасқан. Дөңгелек бір айналымды 38 минутта жасап, 1750 адамға дейін қабылдай алады.