Үздіктердің үздігі. Кристина үшінші алтынды жеңіп алды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/urI9EXazDyV7otfBLEmXFFqzKN7nYeVeM2NW95Ld.webp

Кристина Шумекова Германияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Германияның Инцелль қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Осылайша, ол аталған біріншілікте үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін конькиші Кристина Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарында да топ жарып, екі бірдей алтын медаль иеленген болатын. Айта кетейік, ол жарыс барысында рекордтық көрсеткіш тіркеп, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да бақ сынады. Анастасия Беловодова 1:17.99 нәтижесімен жетінші орынға ие болса, Варвара Глухова 32-сатыдан көрінді. Айзада Рымбек жарысты 34-орынмен аяқтады.

Осылайша, Германия төріндегі әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Айта кетейік, спортшы Германияда 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтижемен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартқан еді.

Пікірлер