Криштиану Роналдуға тиесілі ұшақ Таяу Шығыстан ұшып кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Cj6ReZfs0GN6HdRPuIiiZtjtrthN16q23J7iwukz.jpg

Атақты футболшы Роналдуға тиесілі ұшақ Таяу Шығыстан ұшқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Британдық БАҚ мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты футболшы Криштиану Роналдуға тиесілі жеке ұшақ аймақтан шығып, Испанияның астанасы Мадридке бағытталған.

GOAL ақпарат көзінің хабарлауынша, ұшақ Сауд Арабиясынан ұшып шыққан. Ұшу шамамен жеті сағатқа созылған. Bombardier Global Express ұшағы жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:00-де ұшып, түнгі 01:00-де Мадридке қонған. Ал футболшының өзі ешқандай пікір білдірген жоқ.

Пікірлер