Машинист мас па? Вагондарды қойып, екі тепловоз соқтығысты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8heBlkDSo2PfVjnkkLMfBwSFicRQpEnY0FZkSPbF.webp

Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында екі тепловоз қатысуымен төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат маневрлік жұмыстар кезінде болған.

Оқиға 5 наурыз күні станция аумағында «Жаңатас Су-Жылу» коммуналдық кәсіпорнының кірме жолына мазут тиелген бес вагонды жеткізу барысында орын алған. Маневр жасау кезінде Жамбыл локомотив депосына қарасты маневрлік тепловоз бен «КАП Логистик» ЖШС-не тиесілі жекеменшік 2ТЭ10М магистральдық тепловозы соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан дизель отыны тиелген вагондар мен локомотивтерге зақым келген. Дегенмен, алдын ала деректерге сәйкес, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, маневрлік тепловоз машинисінің мас күйде болуы мүмкін екені айтылуда. Алайда бұл дерек әзірге ресми түрде расталған жоқ.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Қазір мамандар апат болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізіп, техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуын зерттеп жатыр.

 

Пікірлер