Астанада өткен баспасөз конференциясында Қазақстандағы Иран елшісі Әли Әкбар Джоукар Иранның ислам революциясы жетекшісі болып Моджтаба Хаменеи сайланғаннан кейін оның әлі көпшілік алдына шықпағанына қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна".
Елшінің айтуынша, бұл мәселеге байланысты әртүрлі ақпараттар мен қауесеттер таралуда. Кейбір деректерде оның отбасына қатысты қауіпсіздік мәселелері болғаны және белгілі бір жарақат алғаны жөнінде мәліметтер айтылған. Сонымен қатар қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, АҚШ пен сионистік режимнің қарулы күштері тарапынан оған қарсы ықтимал қауіптер болуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген болуы мүмкін. Дегенмен елші Моджтаба Хаменеидің алған жарақаты аса ауыр емес екенін және бұл жағдайға байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелердің таралуы мүмкін екенін атап өтті.
