Астанаға сапар, референдум және Еуразия одағындағы төрағалық. Тоқаев пен Путин тағы да сөйлесті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3FN7XdU6PRwnIgSLkxuO5X7fg6TMLM19o8BTCHLv.jpg

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей  президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Әңгімелесу барысында Ресей президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады. 

"Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті. 

Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды", делінген Ақорда хабарламасында.

Ал Кремль хабарламасында Қазақстанның Еуразия экономикалық одағындағы төрағалығы талқыланғаны да айтылған. 

Пікірлер