Көк жүзінен аман жеткен ұшқыштар жерде қаза тапты. Ұшақ көлікпен соқтығысты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3V5fFsRElj5KptmVgTwN0OONRqHfVr1tE3AHar09.webp

Air Canada әуе компаниясына тиесілі Bombardier CRJ-900 лайнері Ла-Гуардия әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға ұшақтың әуежайға қону кезінде болған.

The New York Post мәліметінше, кемінде екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған. Сондай-ақ, БАҚ-та екі ұшқыштың қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Ұшақ бортында шамамен 100 жолаушы болған. Барлығы эвакуацияланған, алайда жолаушылар арасында зардап шеккендердің бар-жоғы әзірге нақтыланбады.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерде ұшақтың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді. Соқтығыс ұшу-қону жолағында нөсер жаңбыр жауып, көріну деңгейі төмендеген кезде болған.

Апаттан кейін әуежай уақытша жабылып, келетін рейстер басқа әуежайларға бағытталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Ла-Гуардия әуежайы жергілікті уақытпен 18:00-де қайта ашылуы мүмкін.

Пікірлер