Қарағанды облысында «Тазару күніне» 10 мыңнан астам тұрғын қатысты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1r0yjV34TWBACRFv3AopGT6tucbolVGtgJZeibYb.jpg

Қарағанды облысында өткен «Тазару күні» экологиялық акциясына 10 мыңнан астам тұрғын белсене қатысып, Наурызнама онкүндігін мазмұнды түрде қорытындылады. Ауқымды шара барысында өңірде 1,5 мың гектар аумақ тазартылып, шамамен 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.

Тазалық күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Барлық қала мен аудандарда еріктілер, студенттер, еңбек ұжымдары мен эко-белсенділер жұмылып, тазалық, жауапкершілік және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дәріптеді.

«Тазару күніне» орай «Тазалық эстафетасы», «TazaLike» экофестивальдері, сондай-ақ «Өзіңнен баста» жастар акциясы өтті.

Қарағанды қаласында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы гүлзарды тазалауға шамамен 3 мың адам қатысты.

Игі іске жергілікті билік өкілдерімен қатар жастар және еріктілер ұйымдары да қолдау білдірді.

Сонымен қатар қала аумағында саябақтар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер кешенді түрде тазартылды.

Теміртауда «Тазару күні» акциясына Qarmet компаниясының металлургтері қатысып, қаланың орталық саябақтары мен алаңдарын ретке келтірді.

Шахтинск қаласында еріктілер қарттарға қолдау көрсетуге басымдық берді: «Ардагерім – ардағым» акциясы аясында жалғызбасты зейнеткерлердің аулалары тазартылып, абаттандырылды.

Жалпы облыс бойынша тұрғындар аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде тазалық жұмыстарын белсенді жүргізді. 

Сонымен қатар «Таза аула» экологиялық челленджі бастау алып, бір ай ішінде ең үлгілі әрі абаттандырылған аула аумақтары анықталатын болады.

Пікірлер