Ұқсас жаңалықтар
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Алматы қаласында 12 жастағы оқушыға жасалған шабуылға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиеванің мәліметінше, бала аман, оған медициналық көмек қажет болмаған. Отбасына психологиялық қолдау ұсынылған. Қазір күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Оқиға мән-жайына сәйкес, белгісіз ер адам қолында пышақпен баланың жанына келіп, оның арқасындағы гитарасын тартып алмақ болған. Бала айқайлағаннан кейін жақын маңдағы дүкен сатушысы сыртқа шыққан. Осыдан соң күдікті гитараны тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жасөспірімнің анасы бастапқыда полицияға жүгінбегенін, себебі бейнежазбада күдіктінің бет-жүзі анық көрінбейтінін айтқан. Сонымен қатар ол балалар қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, шабуылдың кешкі уақытта, адам көп жерде болғанын атап өтті.
