Байқоңырда «Сұңқар» зымыранын ұшыру мерзімі кейінге шегерілді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OI7jlg2dDkQNdsVV2xg3L0ZsyVSktpgULWgnwIba.jpg

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында жоспарланған «Сұңқар» зымыранын старттық кешенге шығару мерзімі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алдын ала жоспар бойынша 24 наурызға белгіленген зымыранды №45 алаңға шығару жұмыстары енді 26 наурызға ауыстырылды. Осыған байланысты алғашқы сынақ ұшыру күні де өзгерді.

Мамандардың мәліметінше, «Сұңқар» зымыранының ұшу сынағы 29 наурыз күні Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді деп жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда қосымша тексерістер жүргізіліп, ұшыру мерзімі 30 наурыз бен 3 сәуір аралығындағы резервтік күндерге шегерілуі мүмкін.

«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Оның басты мақсаты – экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын қолданатын жаңа буын зымырандарын ұшыруға арналған инфрақұрылым қалыптастыру. Жоба 2004 жылы басталып, 2005 жылы ресми түрде іске қосылған.

Бастапқыда бұл кешенде «Ангара» зымыранын пайдалану жоспарланған. Алайда кейін бұл жоспар өзгеріп, «Сұңқар» зымыраны таңдалды. Ол бұрын «Зенит» кешеніне тиесілі инфрақұрылымды жаңғырту арқылы іске асырылады.

Пікірлер