Ресей әншісінің Қазақстандағы концерті өтпейтін болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RtAsHn3K4Pvmap8WgFk2P5KRVULyfB0Wypoob7ZR.png

Ресейлік әнші Полина Гагаринаның 5 сәуірге Астанада жоспарланған концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қазақстандық Zakazbiletov.kz билет сервисі хабарлады.

Өз мәлімдемесінде ұйымдастырушылар концерттің тоқтатылуын «ұйымдастырушыларға, әртіске байланысты емес жағдайлармен» түсіндіріп, билет ақшасы 14 күн ішінде қайтарылатынына уәде берді. Айта кетерлігі, бұл концерт әншінің ресми сайтындағы кестеде бастапқыда-ақ көрсетілмеген. Оның сайтында ең жақын жоспарланған өнер көрсетулері ретінде 15 сәуір күні  Бішкекте және 16 сәуірде Ташкентте белгіленген.

Концерт елордадағы Конгресс-холл ғимаратында өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар тоқтатылудың нақты себептерін атамады.

Алайда Гагаринаның Қазақстандағы концерттері бірнеше рет өтпей қалған еді.

2022 жылдың қарашасында Алматыдағы концерті әлеуметтік желілердегі наразылық толқынынан кейін тоқтатылды. Қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық қолдаған әншінің шақырылуын айыптаған.

2025 жылы да E-petition платформасында Гагаринаның келуіне қатысты халық қарсылық білдірген.

Пікірлер