Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерге тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна”.
Пезешкиан Тегеран алдын ала шабуыл жасамайтынын мәлімдеді. Дегенмен, Иран өз инфрақұрылымы мен экономикалық нысандарына кез келген шабуылға "барынша қатаң жауап" беретінін айтты.
"Егер дамуды да, қауіпсіздікті де қаласаңыздар, өз жеріңізде тұрып, жауымызға қосылып, бізге қарсы соғыспаңыздар", – деп жазды Иран президенті X әлеуметтік желісінде, аймақ мемлекеттеріне үндеу жолдап.
Бұған дейін Иран президенті Наурыз мерекесіне орай көршілес мұсылман елдеріне үндеу жасап, өз елінің көршілерімен қақтығысуды көздемейтінін мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, Иранның көршілес мұсылман мемлекеттерімен текетіресінен ұтатын жалғыз тарап – "мемлекеттік терроризмге негізделген" Израиль режимі.
Пезешкиан АҚШ пен Израильдің шабуылдары аясында халықты бірлікке шақырып, Иранды "дауылдардың арасынан абыроймен алып шығу" қажетін айтты.
