Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев (Шеф Абузар) жол талғамайтын көлікпен Каспий теңізінің жағалауында видео түсірген. Ол бұл роликті Instagram-да жариялаған. Кейін видео қазақстандық пабликтерге тарап, қоғамда үлкен наразылық туғызды, деп хабарлайды “Адырна”.
Нәтижесінде бұл оқиғаға полиция қызығушылық танытты.
«Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы – «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша қозғалды», – деп түсіндірді Маңғыстау облыстық полиция.
Блогерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
«Мотоцикл, скутері көп елдің экономикасы жақсы емес деген сөз». Күнде көбейген апаттың ақыры не болмақ?
