Семейдегі биоорталықта келушілер арыстандарға тас лақтырған

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bhtzPm6UbzK7MJeWC2sCUkGoi93DiwgXcBJPSHTy.jpg

Семей қаласындағы биологиялық орталықта келеңсіз оқиға орын алды. Келушілердің арыстандарға тас лақтырған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы “Адырна” хабарлады.

Биологиялық орталық өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кеткен. Әсіресе, ересек адамдардың жануарларға тас, таяқ және өзге де заттарды лақтыруы алаңдаушылық тудырып отыр. Мамандар мұндай әрекеттерді жай ермек емес, жануарларға жасалған қатыгездік ретінде бағалайды.

“Келушілердің мұндай әрекеті жануарлардың денсаулығына зиян келтіреді. Бұл – тек тәртіп бұзушылық қана емес, тіршілік иелеріне жасалған қатыгездік”, – делінген орталық хабарламасында.

Оқиғаға байланысты полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Қазіргі таңда бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер анықталып, жауап алынуда. Құзырлы органдар оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтағаннан кейін, олардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріп, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Мамандар тұрғындарды жануарларға жауапкершілікпен қарауға шақырып, мұндай әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Пікірлер