Елордадағы мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызы продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» жобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қолдаушыларына алғысын жеткізіп, өзі ұтып алған 3 млн теңгені қалай жұмсайтынын айтты. Директордың сөзінше, қаржы әйелдерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бөлінбек.
«Маған осы мүмкіндікті берген Баян Мақсатқызына, қолдау көрсеткен отбасыма, ата-ана мен ата-енеме алғыс білдіремін», – деді директор.
Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртазақызы – Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназияның директоры, PhD докторанты. Ол әлеуметтік желіде өзінің тренд видеоларымен танымал болды.
Былтыр «Алтын ханым» байқауында Самал Асанова топ жарған еді.
