"Ифтар, сухур". Имамдар араб сөздерін қолданбауға шақырды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yav1esIawMyaC4vg5jUe8aowaiGVFpa7ZoT9bhYP.jpg

Қазақстанда араб және парсы тілдерінен енген сөздерді күнделікті тұрмыста жиі қолдану үрдісі күшейіп келеді. Бұл туралы әлеуметтік желіде жиі талқыланады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дегенмен дін өкілдерінің айтуынша, қазақ тілінде баламасы бар сөздерді арабша нұсқамен алмастыру дұрыс емес.

Информбюро мәліметінше, “ауызашар” орнына “ифтар”, “сәресі” орнына “сухур” деп айту тілдің табиғатына қайшы келеді.

“Қызылжар” облыстық орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков діни және тұрмыстық ұғымдарды ажырата білу қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, құлшылыққа қатысты “әлхамдуллила”, “аллаху акбар”, “субханалла” сияқты сөздер бастапқы қалпында қолданылуы тиіс. Ал тұрмыста қалыптасқан қазақы атауларды өзгерту орынсыз.

Ислам ғылыми-зерттеу институты кейбір араб сөздері қазақ әдебиетінде бұрыннан қолданылып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, баламасы жоқ діни ұғымдарды қабылдауға болады, бірақ олар қазақ тілінің заңдылықтарына бейімделуі керек.

Пікірлер