Теңіздегі тексеріс. Заңсыз жұмыс істеген 27 шетел азаматы елден шығарылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nGW0l9C7hmsuEoVjWleuD4ctji3QupNmas9FGjOv.jpg

Фото: gov.kz

Атырау облысы Жылыой ауданында 27 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Олар Теңіз қалашағында заңсыз жұмыс істеп жүрген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды. Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды», – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

 Комитет мамандары көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар да жүргізген.

Пікірлер