Тауға шыққан альпинист тікұшақпен эвакуацияланды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YiMLxBznWiZ4oLf5obCdwcuhSrxjyOiSQT5vEbAV.jpg

Алматыда Панфиловшылар шыңына ұйымдастырылған жаппай альпиниада кезінде қатысушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, оны құтқару үшін тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ТЖМ хабарлауынша, оқиға 4120 метр биіктікте орналасқан 28 гвардияшыл-панфиловшылар шыңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2008 жылы туған альпинистке жедел тау ауруы мен өкпе ісінуі диагнозы қойылған. Іс-шара барысында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Құтқару қызметінің мамандары зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны Мәншүк Мәметова атындағы №6 мореналық көл аумағына дейін түсірген.

Одан кейін құтқару операциясына ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оның есі анық.

Пікірлер