Дүниежүзілік велосипед күні. Жыл басынан бері Алматыда 400 велик ұрланған

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/57sl3iVZ1aooAtD5fkRzwLKW3cOsmqS04yvbIjNB.webp

Жыл басынан бері ел аумағында шамамен 400 велосипед ұрланған. Бұл туралы polisia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, олардың жартысынан астамы табылып, иелеріне қайтарылған.

Ұрлықтар көбіне түнгі уақытта көпқабатты үйлердің кіреберістерінде, баспалдақ алаңдарында және тұрғын үйлердің аулаларында жасалады. Полицейлердің айтуынша, велосипед иелерінің өзі қылмысқа қолайлы жағдай жасап, мүліктерін қараусыз қалдырады немесе сенімсіз құлыптарды қолданады.

Тәртіп сақшылары бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережесін ұстануға шақырды.

«Ғимаратқа кіретін жағдайда велосипедті ішке алып кіру немесе рамасы мен артқы доңғалағына бірден құлып орнату ұсынылады. Мықты қорғаныс үшін болаттан жасалған шынжырлы құлып немесе U-lock қапсырма-құлып қолдану ұсынылады. Сондай-ақ велосипедті тек күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камерасы орнатылған аймақтарға қалдырған дұрыс. Көлік иелеріне алдын ала велосипедті немесе рамадағы сериялық нөмірді суретке түсіріп алу және оның ерекше белгілерін есте сақтау ұсынылады»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 3 маусым – Дүниежүзілік велосипед күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2018 жылы велосипедті экологиялық таза, қол жетімді және пайдалы көлік түрі ретінде танымал ету үшін құрды.

Пікірлер