1,3 млрд теңгелік "Қазақ энциклопедиясы" 10 жылдан соң мемлекетке қайтты

126
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ktQJIdyLLzkQG1SuuxPRLmuSrug548usnpyV0u4p.webp

Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі бұрын заңсыз иеліктен шығарылып, экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның меншігінде болғанын анықтады, деп хабарлайды "Адырна".

2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі мен оның жылжымайтын мүлік түріндегі активтері (Алматы қаласы, Әуезов ауданында орналасқан, жалпы ауданы 2 108,3 м² жер учаскесі бар ғимарат) заңсыз жекешелендірілгені белгілі болды.

Мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз түсірген.

Кассациялық сот шешімімен прокуратураның талап-арызы толық қанағаттандырылып, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекет меншігіне қайтарылатын болды.

Пікірлер