Қазақстанда қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы 11 маусымда Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Вице-министр жаңа Ата заң күшіне енгеннен кейін Конституция күнінің 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылатынын еске салды.
«Бұл сөзсіз мерекелік күн, ресми демалыс болады. Ал қосымша екі жұмыс күніне келсек, бұл мәселе алдағы кезеңде қаралады деп ойлаймын. Қазір нақты жауап беруге дайын емеспіз», – деді Шегай.
Сонымен қатар вице-министр ұсыныстар түскен жағдайда мерекенің мемлекеттік мәртебесін ұлттық деңгейге өзгерту мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін екенін айтты. Ол министрлік мұндай бастаманы қарастыра алатынын растады.
Еске салайық, 15 наурызда елімізде жаңа Конституция бойынша референдум өткен еді.
