Қырғызстанда балаларға әкесі мен анасының тегін біріктіру арқылы жасалған қос фамилия беруге мүмкіндік беретін заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бастаманы ел парламенті депутаттарының бір тобы ұсынған. Заң жобасына сәйкес, ата-аналардың өзара келісімі болған жағдайда, жаңа туған балаға әкесі мен анасының тегін сызықша арқылы кез келген ретпен біріктіріп, қос фамилия ретінде рәсімдеуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар құжатта үш фамилияны біріктіруге тыйым салу қарастырылған. Заң авторларының пікірінше, мұндай шектеу кейінгі ұрпақтың тегінің шамадан тыс күрделеніп кетуіне жол бермеуге бағытталған.
Ұсынылған өзгерістер әзірге қоғамдық талқылау кезеңінде. Құжат қолдау тапқан жағдайда, қос фамилия беру тәртібі Қырғызстанның қолданыстағы заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Индира Әубәкірова: Реформаның саяси мақсаты — Парламенттің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру
