Ербаянның қазасы. Министрліктің уәжі

184
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ybpCaemzUWRRCoz9u9cNxfKSWkw74q1hd3rFsliU.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп, Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, дәрігерлер үш жылға жуық уақыт бойы науқастың өмірін сақтап қалу үшін үздіксіз күрес жүргізген. Алайда мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде алған ауыр бас-ми жарақаты салдарынан миында қайтымсыз өзгерістер орын алып, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Министрліктің хабарлауынша, Мұхтар Ербаян 2023 жылдан бері аса ауыр жағдайда болып, ұзақ уақыт тұрақты вегетативтік күйде жатқан. Оған респираторлық қолдау көрсетіліп, қарқынды терапия жүргізілгенімен, уақыт өте келе қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы және гемодинамиканың тұрақсыздығы байқалған.

Дәрігерлер науқасқа реанимациялық және емдік шараларды толық көлемде көрсеткенін хабарлаған. Сонымен қатар ІІМ мен денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен ұйымдастыруымен ол ем қабылдау үшін Түркия Республикасына жіберіліп, шетелдік мамандар бастапқы диагнозды растаған.

2026 жылдың маусым айында негізгі сырқаттың аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыған.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылғы 23 маусым күні сағат 21:40-та науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Дәрігерлер өлімнің тікелей себебі ретінде ауыр бас-ми жарақатының салдары мен соның аясында өршіген көп ағзалық жеткіліксіздік синдромын атады.

 

Пікірлер