Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткен кеңесте айтты.
Оның сөзінше, Мәскеу келіссөздерді 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жалғастыруға әзір.
"Ресей бірнеше рет айтқандай, Украинамен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын. Біз Ыстанбұлда қол жеткізілген және украиналық делегация парафирлеген келісімдерге сүйенуге әзірміз. Демек, ол кезде бұл шарттар украин тарапының көңілінен шыққан", — деді Путин.
Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 2022 жылдың көктемінде Стамбул қаласында өткен болатын. Алайда тараптар түпкілікті келісімге келе алмады.
Ұқсас жаңалықтар
