Қалта ұрлығына күдікті деп танылған отбасы мүшелері ұсталды

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында қалта ұрлығын жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың соңғы қатысушысын қолға түсірген. Бұған дейін оның тағы екі сыбайласы ұсталған болатын. Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы қамауда отыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды нысанаға алған. Олар базарларда, қоғамдық көліктерде және халық көп шоғырланатын өзге де орындарда ұялы телефон, ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың барлық қатысушылары анықталып, олардың әрекеттеріне қатысты дәлелдемелер жиналған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы қаласында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Пікірлер