Швейцария құрамасы 2026 жылғы 3 шілдеде өткен матчта Алжир құрамасын жеңіп, футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды "Адырна".
Канададағы Ванкувер қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен швейцариялықтардың пайдасына аяқталды. Голдардың авторлары Бриль Эмболо мен Дан Ндойе болды.
Енді Швейцария құрамасы ширек финал жолдамасы үшін Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Швейцария құрамасы 1938 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.
Ұқсас жаңалықтар
