Темірлан Төлеулес ел тарихында тұңғыш рет таеквондодан Азия алтынына ие болды

172
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KPgLhmipEl0CSlLCv7NlCwDf8l0Nw4S74MsuRxoR.jpg

Фото: ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Темірлан Төлеулес Жапонияның Айти–Нагоя аймағында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".

58 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған спортшы финалдық жекпе-жекте Филиппин өкілі Барбосамен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осы нәтижемен Төлеулес Қазақстан құрамасының қоржынына 12-ші алтын жүлдені салды.

Турнир барысында қазақстандық спортшы бірнеше қарсыласын жеңіп, финалға дейін сәтті жетті. Шешуші кездесудегі жеңісі оған Азия ойындарының чемпионы атағын әкелді.

Темірлан Төлеулес Қазақстан тарихында таеквондодан Азия ойындарында алтын медаль иеленген алғашқы спортшы атанды.

2 қазанда Қазақстан спортшылары Азия ойындарында үш алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін бокстан Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай өз салмақтарында чемпион атанған болатын.

Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Пікірлер