Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы атағын үшінші рет жеңіп алды

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EKLVb2cRPgwWJdnbGgGulqweLMSm4Y21fBDacGpP.webp

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнирде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Осылайша, ұлттық құрама 2024 және 2025 жылдардағы табысын қайталап, Азия чемпионы атағын үшінші жыл қатарынан жеңіп алды.

Қазақстандық хоккейшілер жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы ойында Жапония құрамасын 3:2 есебімен ұтса, екінші кездесуде Қытай командасына еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен басым түсті.

Шешуші матчта қазақстандықтар турнир қожайыны Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Ойынның негізгі уақыты голсыз аяқталып, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Нәтижесінде отандастарымыз 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орынға тұрақтады. Жапония құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізсе, Оңтүстік Корея хоккейшілері қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиядағы көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Пікірлер