Жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

72
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YkkvSUJUy8Vq7rYuj8HmJyQuRnEaSfCKjODsjqFS.jpg

Павлодар қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Академик Сәтбаев көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, реанимобиль бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Арнайы көліктің жарық және дыбыс белгілері қосулы болған.

103 қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағы арқылы өтіп бара жатқан кезде жаяу жүргінші жолға шыққан. Соның салдарынан әйел адамды көлік қағып кеткен.

Оқиғадан кейін жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізген. Ал бастапқы шұғыл шақырту басқа жедел жәрдем бригадасына берілген.

Қазір жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары реанимобиль жүргізушісінің әрекетіне құқықтық баға береді.

Пікірлер