Павлодар облысында мотоцикл 12 жастағы қызды қағып кетті

97
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SBoT939M3Zg8qGFh9y8fBAHb05X61Hw3vlCR95nP.jpg

Павлодар облысында мотоцикл 12 жастағы қызды қағып кетті. Бұл туралы облыстық аурухана хабарлады, деп жазады “Адырна”.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, теміржол кентіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жастағы қызды мотоцикл қағып кеткен.

«Қыз бала сол жақ аяғыняң екі сүйегінің төменгі бөлігі ығысып, жабық сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Оған операция жасау жоспарланып отыр», – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі дүйсенбі күні.

Сол күні аталған ауруханаға жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен тағы екі кәмелетке толмаған бала – 14 жастағы ұл және 17 жастағы қыз жеткізілген.

Пікірлер