16 жылдан кейін. Испания әлем чемпионатының финалына шықты

289
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K9tHWtqQSttAlPdZrBuJPMMmVj0HxxwbuClPAje8.jpg

Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны жеңіп, турнир финалына жолдама алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Далласта өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Испания құрамасының голдарын шабуылшы Микель Оярсабаль мен қорғаушы Педро Порро соқты. Екінші голға жартылай қорғаушы Дани Ольмо нәтижелі пас берді.

Осылайша Испания 16 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Команда бұған дейін 2010 жылғы әлем чемпионатында чемпион атанған болатын. Финалда құрама қазіргі Еуропа чемпиондары Англия немесе Аргентина құрамаларының бірімен кездеседі.

Ал Франция құрамасы өз тарихында төртінші рет үшінші орын үшін матчқа қатысады. Бұған дейін француздар екі рет қола жүлдеге ие болған еді.

Әлем чемпионатының екінші жартылай финалында 16 шілде күні Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтпек.

Пікірлер