Энергетика министрлігі Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы терминалы маңында Nordic Zenith танкеріне дронмен жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 17 шілде күні ұшқышсыз ұшу аппараты портқа қазақстандық мұнайды тиеуге бет алған танкерге шабуыл жасаған. Дегенмен, танкер дрон соққысы жасалған сәтте бос болған.
«Кеме экипажы өртті өз күшімен жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазақстан мұнайына қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ министрлік Каспий құбыр консорциумының технологиялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
«Каспий құбыр консорциумы жүк тиеу жұмыстарын жоспарға сәйкес жалғастырып, мұнайды танкерлерге тиеп жатыр», – деп атап өтті ведомство.
Айта кетейік, Каспий құбыр консорциумына бұған дейін шабуыл жасалған
