Жәмила Бақбергенова Будапешттегі рейтингтік турнирде күміс жүлдегер атанды

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4Vpdv9ea82pcC1MZJB97BRKAkpqxotUl6aaKezxi.webp

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен халықаралық рейтингтік турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық спортшы айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста сәтті өнер көрсетті. Алғашқы белдесуінде ол Қырғызстан өкілі Қайыргүл Шаршебаеваны жеңіп, кейін Үндістан балуаны Дикши Маликтен басым түсті.

Алайда турнир жеңімпазы анықталған шешуші кездесуде Бақбергенова Польша спортшысы Виктория Холуйға жол берді. Осылайша, отандасымыз жарысты күміс жүлдемен аяқтап, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Еске салайық, бүгін, 19 шілдеде Будапешттегі рейтингтік турнирде грек-рим күресінің қалған салмақ дәрежелері бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Пікірлер